Шымкент, Жамбыл және Түркістан облыстарында түнде жер сілкінісі тіркелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент, Жамбыл және Түркістан облыстарында түнде жер сілкінісі тіркелді видео кадры

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпуі 6 қазанда Астана уақыт бойынша сағат 01:29-да Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында тіркелген.

"Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.3, магнитудасы - 5.9", - деп жазылған хабарламада.

Ең жоғары балл мына өңірлерде тіркелген:

  • Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы - 4 балл;
  • Жамбыл облысы Тараз қаласы - 4 балл;
  • Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы 4 балл;
  • Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы 4 балл;
  • Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы 4 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети