02 тамыз 2019 | 12:43

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы инвесторлармен кездесу өткізді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы бизнес қауымдастықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы бизнес қауымдастықпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бизнес пен инвесторларды қорғау - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеті.

Бүгін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы Асхат Жұмағали инвесторлармен кездесті. Іс-шара "галстуксыз" форматта өтіп, онда аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуге "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кабиштаев, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және кәсіпкерлер қатысты.

"Бизнес пен инвесторларды қорғау біздің мекеменің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгін біз "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына мақсатты түрде бизнес қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келіп отырмыз. Біз инвесторлармен тікелей қарым-қатынас осы бағыттағыөзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Бизнес ісіне лауазымды тұлғалар тарапынан кез келген араласу кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға кедергі ретінде қабылданатынын және заң бойынша қудаланатынын атап өткім келеді. Біз қолжетімді, ашықпыз және Сіздерді белсенді қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа шақырамыз" - деп атап өтті іс-шарада Асхат Жұмағали.

Айта кету керек, қалалық Департамент жалпы сомасы 49 млрд. теңгеден астам 20-ға жуық жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда, сонымен қатар, 50-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Кездесу соңында Асхат Жұмағали үй тоқыма, кілемдер және мақта-мата иірімдерін өндірумен айналысатын "АГФ групп" ЖШС, "Назар Текстиль" ЖШС және "Azala Cotton" ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарында болып, жұмыстарымен танысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети