Шымкент қаласының тұрғындарынан әкімдік үйден шықпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының тұрғындарынан әкімдік үйден шықпауды сұрады Фото: reuters

Шымкент қаласының тұрғындарына әкімшілік үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының тұрғындарына әкімшілік үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Елорда мен Алматы аумағында 2020 жылғы 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізілді.

Екі қалада карантин енгізілуіне байланысты кіріп-шығуға тыйым салынған.

Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарды Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына сапарға шықпауға, және ағайын-туыстарыңызға, таныстарыңызға хабарламаны жеткізуге өтініш білдіруде.

Сондай-ақ, аталған қалаларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау күшейтіліп, қосымша шектеулер енгізілген.

Атап айтқанда:

- Қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынған;

- Екі қаланың аумағына кіре берістерде, шығуларда шектеу енгізілген;

- Кіреберістерде/шығуларда коронавирусқа күдікті адамдарды анықтау бойынша қосымша мобильді пункттер орнатылған;

-  Медициналық тексеруден және емдеуден, карантиндік режимді сақтаудан жалтарған; эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарды бақылау күшейтілген;

- Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кіреберістерде блок бекеттері орнатылып, тексеру күшейтілген;

Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз, елдің қауіпсіздігі! - деген үндеуді есте сақтауды қала әкімдігі сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети