Сот залы. Адвокат Абай Аблабеков пен диспетчер Қанат Ақылбеков. ©tengrinews.kz
Шымкент түбіндегі Ан-72 ұшағының апаты бойынша диспетчерді айыптау халықаралық авиация қауымдастығының наразылығын туғызуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына «Қазаэронавигация» РМК-ның әуе қозғалысы қызметінің басшысы Михаил Лужин айтып берді. Ан-72 ұшағының апаты 2012 жылы 25 желтоқсан күні болған еді. Авиадиспетчерлер осы қылмысқа қатысты Қазақстан Әскери проуратурасына ашық хат жолдап, Қанат Ақылбековтың ісіне қатысты өз пайымын білдірді. Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп танылған азаматтың әріптестері тергеу барысында әртүрлі сарапшылар комиссиясының қортындысы ескерілмегенін айтады. Олардың ойынша, соттық технологиялық сараптама негіздемесі мемлекеттік авиация өкілдерін шақырмастан шығарылған, бұл әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарға қайшы келеді. "Біздің әріптестер бұлай біліксіздік таныту, фактіні бұрмалау және негізсіз айыптау халықаралық авиация қауымдастығының наразылығын туғызатынын ескертеді" делінген ашық хатта. Шымкенттің маңында болған Ан-72 ұшағының апатына қатысты айыпталушының ісі елімізді айтпағанда, Еуропа мемлекеттеріндегі халықаралық диспетчерлер арасында да қызу талқылануда. Олардың пікірінше, шымкенттік авиадиспетчерлерді ірі халықаралық компания өкілдері, яғни, Lufthansa, Air France, KLM, British Airways, Qantas, Singapore Airlines, Emirates, Turkish, Aeroflot, Transaero, Air Astana, SCAT қолдайды. Еске сала кетелік, АН-72 ұшағы 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкенттің Сайрам ауданына құлаған. "Астана-Шымкент" бағытындағы әскери-тасымал ұшағында 27 адам болған - 7 экипаж мүшесі және 20 әскери қызметкер, олардың ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара әскері басқармасының бастығы Павел Доценко, сонымен қатар "Қордай", "Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болған. Апатқа ұшыраған ұшақтағылардың барлығы тіл тартпай кеткен. Әуе апатына Шымкент әуежайының дистпечері Қанат Ақылбеков кінәлі деп айыпталған еді.
Шымкент түбіндегі Ан-72 ұшағының апаты бойынша диспетчерді айыптау халықаралық авиация қауымдастығының наразылығын туғызуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына «Қазаэронавигация» РМК-ның әуе қозғалысы қызметінің басшысы Михаил Лужин айтып берді. Ан-72 ұшағының апаты 2012 жылы 25 желтоқсан күні болған еді.
Авиадиспетчерлер осы қылмысқа қатысты Қазақстан Әскери проуратурасына ашық хат жолдап, Қанат Ақылбековтың ісіне қатысты өз пайымын білдірді. Ан-72 ұшағының апатына кінәлі деп танылған азаматтың әріптестері тергеу барысында әртүрлі сарапшылар комиссиясының қортындысы ескерілмегенін айтады. Олардың ойынша, соттық технологиялық сараптама негіздемесі мемлекеттік авиация өкілдерін шақырмастан шығарылған, бұл әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарға қайшы келеді.
"Біздің әріптестер бұлай біліксіздік таныту, фактіні бұрмалау және негізсіз айыптау халықаралық авиация қауымдастығының наразылығын туғызатынын ескертеді" делінген ашық хатта.
Шымкенттің маңында болған Ан-72 ұшағының апатына қатысты айыпталушының ісі елімізді айтпағанда, Еуропа мемлекеттеріндегі халықаралық диспетчерлер арасында да қызу талқылануда. Олардың пікірінше, шымкенттік авиадиспетчерлерді ірі халықаралық компания өкілдері, яғни, Lufthansa, Air France, KLM, British Airways, Qantas, Singapore Airlines, Emirates, Turkish, Aeroflot, Transaero, Air Astana, SCAT қолдайды.
Еске сала кетелік, АН-72 ұшағы 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкенттің Сайрам ауданына құлаған. "Астана-Шымкент" бағытындағы әскери-тасымал ұшағында 27 адам болған - 7 экипаж мүшесі және 20 әскери қызметкер, олардың ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара әскері басқармасының бастығы Павел Доценко, сонымен қатар "Қордай", "Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болған. Апатқа ұшыраған ұшақтағылардың барлығы тіл тартпай кеткен. Әуе апатына Шымкент әуежайының дистпечері Қанат Ақылбеков кінәлі деп айыпталған еді.