07 қыркүйек 2018 | 09:03

Шымкент мектептерінде орын жетіспегендіктен оқушыларды колледжге жіберуге тура келді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шемкенттің екі мектебінде орын жетіспегендіктен бірінші сынып оқушылары жақын маңдағы колледждерге отырғызуға тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шемкенттің екі мектебінде орын жетіспегендіктен бірінші сынып оқушылары жақын маңдағы колледждерге отырғызуға тура келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Шымкенттегі № 1 гимназиясында16 бірінші сынып бар. Биылғы оқу жылында онда 590 жаңа оқушы көшіп келді. Бәріне бірдей орын жетіспеді. 900 адамға қарастырылған ғимарат 4 мың оқушыға тар болып шықты. Сол себептен бірінші сынып оқушыларын көрші колледждерге отырғызуға тура келді. Енді балалар студенттермен оқиды екен. Колледж оларға 4 оқу сыныбын беріпті. Оқушылар үш ауысыммен оқитын болды. №1 қалалық гимназияға осымен үшінші жыл бала ағыны байқалады. 

"Жақын маңдағы 5 және 6-мектептерде орыс тілінде оқытпайды. Осыған байланысты мектепке үлкен сұраныс болды, ал біз мектеп ғимаратына барлық оқушыны сыйғыза алмадық. Мектеп жобасы 900 адамға арналған. Бүгінгі таңда мұнда бірінші сыныптарды қосқанда 4 200 оқушы бар. Ал мектеп ғимаратында оқысақ, 4 ауысым болар еді, ал сағат кешкі 9-ға дейін біз балаларды оқыта алмаймыз", - дейді Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Гүлназ Әбілдаева.

№ 23 лицейде де осыған ұқсас жағдай болған. Биыл онда 563 бірінші сынып оқушылары келіпті, онда да орын тапшылығы байқалды. Сондықтан оқушыларды көрші мектепке орналастыруға тура келген. Шымкент қаласының білім беру бөлімінде бұл жағдайды ата-ананың көбі биыл жоғары көрсеткіш көрсеткен екі мектепті таңдауымен түсіндірді. 

"Биыл тұрғылықты жері туралы куәлікті беру талабы өзгерді және тиісінше басқа ауданда тұратын ата-аналар баласын рейтингі жоғары № 1 және № 23 мектептерге бергісі келеді. Келесі жылға 11 мектептің құрылысы жоспарланды, оның құжаттамалары дайын", - деп түсіндірді Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети