Шымкенттегі №24 мектепте діни бұрыш ашылды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық қаладағы әл-Біләл мешітінің жетекшілігімен жұмыс істейді.
Шымкенттегі №24 мектепте діни бұрыш ашылды, - деп хабарлайды "Қазақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық қаладағы әл-Біләл мешітінің жетекшілігімен жұмыс істейді.
"Мектеп пен мешіт бірігіп, өте маңызды бастаманы қолға алды. Мұндай тәжірибе оқушылардың дұрыс жолды таңдауына ықпал ететін болады", - дейді ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Құрманғали.
Діни сенім бұрышына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің бақылауынан өткен кітаптар жиналған.
Орталық жұмысы шеңберінде оқушылар облыс басшылығының қолдауымен дін тақырыбына түсірілген телебағдарламалар топтамасын көре алады. Мектеп ұжымы әл-Біләл мешітінің имамы Тимур Аманқұловқа алғыс білдірді. Имам қазіргі заман мектептеріндегі мұндай рухани бұрыштардың жастарды тәрбиелеуге сөзсіз көмектесетінін айтты.