21 мамыр 2014 10:09

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау үшін шетелден 890-ға жуық арнайы маман тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото munaigaz.kz Фото munaigaz.kz

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау үшін 2014 жылы шетелден 890 арнайы маман тартылады. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің  "Казахстанская правда" газетіне шыққан қаулысында хабарланып отыр.


Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау үшін 2014 жылы шетелден 890 арнайы маман тартылады. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің  "Казахстанская правда" газетіне шыққан қаулысында хабарланып отыр.

Қаулыда "Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау және модернизациялау" жобасына қатысты 2014 жылы шетелден мамандар тартуға квота бөлінетіндігі көрсетілген. Қаулыға 16 мамыр күні қол қойылған. Аталмыш қаулы өз күшіне ресми жарияланған күннен бастап енеді делінген.

Қаулыға сәйкес шетелден келетін жұмыс күшінің жалпы саны 890 адамды құрайды. Олардың бесеуі бірінші санаттағы жұмысшылар, 33-і екінші санаттағы жұмысшылар болса, 733-і үшінші санаттағы, 199- адам төртінші санаттағы жұмысшылар.

Еске салайық, Қытай елі Шымкент мұнай өңдеу зауытына миллиард доллар инвестиция  салмақ. Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Эксим банкі мұндай келісімге Елбасының Қытай Халық Республикасына сапары барысында қол қойған болатын.

Қытай тарапынан құйылар инвестиция мұнай өңдеу зауытына экологиялық таза жанар-жағармай өндіруге және жоба барысында өнім өндіру әлеуетін алты миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік бермек.

Жоспарланып отырғандай Шымкен мұнай өңдеу зауытын  қайта құрылымдау ісі 2016 жылы аяқталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети