© Youtube
Шымкент орталығында су жүргізетін құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Шымкент орталығында су жүргізетін құбыр жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Судың атқылау күші қатты болғаны соншалық, оның биіктігі бес қабатты үйдің төбесіне дейін жеткен. Құбырдың жарылған жеріне жақын маңда орналасқан химиялық тазалау ғимараты су астында қалды. Онда токтың тұйықталуы болып, барлық жұмысшы эвакуацияланды.
Сонымен қатар, жақын жерде орналасқан үйлердегі тұрғындар да эвакуациялану үстінде. Оқиға орнына барған мамандар апаттың салдарын жою мақсатында жұмыс істеп жатыр.