19 мамыр 2022 10:07

Шымкент прокуроры жалған нөмірге қатысты жанжал үшін қарамағындағы қызметкерді жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/ainura_zarina Фото:t.me/ainura_zarina

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов соңғы үлгідегі Toyota Land Cruiser көлігінің жалған нөмірлеріне қатысты жанжал үшін қарамағындағы қызметкерді жазалады. Жол талғамайтын көлік аудандық прокуратураның маңынан байқалып, желідегілер ол қадағалау органының қызметкеріне тиесілі екенін жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов соңғы үлгідегі Toyota Land Cruiser көлігінің жалған нөмірлеріне қатысты жанжал үшін қарамағындағы қызметкерді жазалады. Жол талғамайтын көлік аудандық прокуратураның маңынан байқалып, желідегілер ол қадағалау органының қызметкеріне тиесілі екенін жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Абай ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Аман Қожабаев туралы болып отыр. Қазнет қолданушылары ол Toyota Land Cruiser көлігіне жалған нөмір таққанын жазған. Қалалық прокуратура бұл көлікте бөтен адамның нөмірлері ілінгенін растады. Алайда қадағалау органы жол талғамайтын көлік Қожабаевтікі екенін жоққа шығарды.

"Қала прокуратурасының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі қызметтік тергеу жүргізді. Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік Қожабаевқа тиесілі емес екені анықталды. Көрсетілген күні (жол талғамайтын көлік Абай ауданы прокуратурасының көлік тұрағында болған кезде - авт.), яғни биыл 18 наурызда Абай ауданының прокуратурасына оның досы Б.Әшір келген", - делінген Шымкент прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиевтің қолы қойылған жауапта.

Жол талғамайтын көлікте 001 PR 17 мемлекеттік нөмірі тағылған. Прокуратура мәліметінше, олар жалған болып шықты және жүргізуші Toyota Land Cruiser көлігімен қалада заңсыз жүрген.

"Абай ауданы прокуратурасының аумағына жұртшылықтың сынына ұшыраған үшінші тұлғаның автокөлігін өткізгені үшін 28 наурызда Абай аудандық прокуратурасының бөлім басшысы Аман Қожабаев қала прокурорының бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп қосты Сейдалиев.

Қадағалау органы 001 РR ​​17 мемлекеттік нөмірі Aster Auto Shymkent жеке компаниясында тіркелгенін атап өтті. Алайда, былтыр қыркүйекте бұл нөмір тіркеуден алынып, оған жаңа көлік бекітілмеген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Аман Қожабаев Шымкенттің экс-прокуроры және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығының бұрынғы орынбасарының ұлы екені хабарланған болатын. Алайда прокуратура бұл мәлімдемені растаған да жоқ, жоққа да шығармады.

"Аман Қожабаевтың еңбек және отбасылық қатынастары туралы мәліметтер жеке ақпарат саналады және оларды жария етуге болмайды", - деп қорытындылады прокуратура өкілі.

Еске салайық, наурыздың ортасында Шымкенттегі айып тұрағына Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі қойылған, оның иесі көлікті жалған нөмірмен жүргізген болып шықты. Желі қолданушылары оны Шымкенттегі Абай ауданы прокуратурасының көлік тұрағынан көрген. Олардың айтуынша, жол талғамайтын көлікке тағылған мемлекеттік нөмірлер басқа көлікке жазылып, қайта тіркелмеген.

Сот жалған нөмірмен көлік жүргізген Toyota Land Cruiser жүргізушісін жазалаған. 4 сәуірде ер адам ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша жауапқа тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети