Шымкенттегі дендросаябақта құны бір бөлмелі бес пәтердей болатын әжетханалар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Шымкенттегі дендросаябақта құны бір бөлмелі бес пәтердей болатын әжетханалар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл жаңа кабиналар арнайы жылыту, ыстық су, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын және басқа да заманауи, қолайлы қондырығылармен жабдықталуы керек еді.
Жергілікті тұрғындар жұмсалған ақша әжетханаға "ағып кеткен" деп есептейді.
"Қазір жылу да, ыстық су да жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кабинаның есіктері мүлдем жабық - қалай кіруге болады? Көп адам әлі де ескі әжетханаларға барады. Кейінгілері жаңа дәретханаға қарағанда әлдеқайда таза. Бұл 9 миллионды ақтамайды", - деді қала тұрғыны Гүлжан Мейірбекова.
Тұрғындар жаңа дәретханаларда ыстық су жетіспейді, сонымен қатар өте жағымсыз иіс бар деп шағымданады. Оған қоса, кез келген уақытта ток соғуы мүмкін. Сымдар жалаңаш және кейбір жерлері күйіп кеткен.
Дендросаябаққа бес әжетхананы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация сатып алғаны анықталды. Жұмсалған 45 миллион теңге корпоративтік қордан алынып, демеушілік жарналармен толықтырылып отыр. Ол азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына көмектесу, бизнесті қолдау және қаржыландыру үшін арнайы құрылған.
"Олар көше дәретханаларына 45 миллион теңге бөледі. Төрт күннен кейін сол қор әрқайсы 9 миллион тұратын бес көше дәретханасын сатып алады; мұны бір бөлмелі пәтердің бағасы деп есептеңіз. Бұл қаражатты тиімсіз ысырап ету. Демеушілік және ӘКК қаражаты екенін түсінеміз, бірақ бұл қаржыны оңды-солды жұмсау керек деген емес қой", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жәни Қамбар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!