Шымкент түбінде болған Ан-72 ұшағының апатына байланысты сотталушы кассациялық шағым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі осы жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұшағының апатына кінәлі деп танылған Қанат Ақылбековтің адвокатына сілтеме жасап.

"Ан-72 ұшағының апаты менің қорғауымдағы адамның кінәсінен болмады деп есептеймін және іс бойынша сот актілері қайта қаралатынына, Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық істің тоқтатылатынына үміттенемін", - деп хабарлады адвокат Ардақ Балпықов.
2014 жылдың 28 сәуірінде Шымкенттегі Абай аудандық сотының үкімімен Қанат Ақылбеков абайсыздықта Ан-72П ұшағының апатқа ұшырауына себеп болған әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзуға айыпты деп танылды. Оған қоныс-колонияда 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Әуе апаты салдарынан экипаждың 7 мүшесі мен 20 әскери қайтыс болған еді.
Сот шешімімен келіспеген адвокат алғашқы инстанцияның үкіміне шағым келтірді. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 2014 жылдың 27 маусымындағы қаулысымен Қанат Ақылбековтің жазасы қоныс-колонияда 4 жылға бас бостандығынан айыруға дейін азайтылды.
Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында Астана - Шымкент бағыты бойынша ұшуды орындаған Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 27 адам болды. Апаттан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің барлық дерлік жетекшісі қаза тапты.