27 мамыр 2022 07:06

Шымкент тұрғындары құрылысы бітпеген жаңа жолайрыққа шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Шымкент тұрғындары Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырықтың жағдайына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент тұрғындары Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырықтың жағдайына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар құрылысы толық біпеген жолайрық қала тұрғындары мен жүргізушілерге қиындық тудырып жатқанын айтады. Себебі, адамдар келесі бетке өту үшін жолдың қақ ортасынан жүгіріп өтуге мәжбүр, ал бұл жүргізушілерге айтарлықтай қиындық тудырады.

"Шынымды айтсам, жаңа жолайрық ыңғайсыз. Жолдардың бәрі бұзылған, қанша уақыт өтсе де әлі жөнделмеді. Жерасты өткелінің құрылысы әлі аяқталмағандықтан, кейде жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуге тура келеді, көлік қағып кетеме деп қорқасың", - деді Шымкент тұрғыны.

"Қонаевтың бойымен әдеттегіден баяу жүремін. Біреу дұрыс емес жерден жүгіріп өтсе қағып кетемін бе деп қорқасың. Қала билігі жерасты өткелінің құрылысын неге аяқтамай жатқанын түсінбеймін", - дейді жүргізушілердің бірі.

Қала билігі биылғы жылдың қыркүйек айына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жерасты өткелі пайдалануға берілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети