Шымкент тұрғындары мемлекеттік гранттарды құдалық пен несие өтеуге жұмсаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғындары мемлекеттік гранттарды құдалық пен несие өтеуге жұмсаған Фото:elements.envato.com

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті той, құдалық, несиені өтеуге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті той, құдалық, несиені өтеуге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, 2021 жылы 23 шымкенттік мемлекеттік грантты осылайша жұмсаған. Қайтарылмас гранттарды өз мұқтаждарына жұмсаған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жауапқа тартылып, қаржысы қазынаға қайтарылды.

"Қарыздарды өтеуге, несиелерді өтеуге, үйлену тойларына ақша алуға болмайды. Бәрінің сұрауы бар, аз сома емес - 1 миллион 225 мың теңге. Бұл ақша бизнесті жақсартуға және кәсіпкер өзіне және қаланың басқа тұрғындарына жұмыс табуы үшін беріледі. Енді ереже бар: тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жауапқа тартамыз. Сондықтан бәрін осы мәселеге байыппен қарауды сұраймыз"", - деді Балмаржан Нарбекова брифингте.

Сондай-ақ, ведомство мемлекеттік гранттар тек кәсіпкерлікті дамытуға берілетінін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети