05 қараша 2023 16:48

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа миллион теңге берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны мектеп мұғалімі болу үшін алаяққа миллион теңге берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтық туралы арызбен мегаполис полицейлеріне 27 жастағы азаматша жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, аз ғана уақыт таныған әйел оған оқу орындарының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Бұл қызметін қаскүнем 1 миллион теңгеге бағалаған.

Бұл жайтты Тұран АПБ тергеушілері СДТБТ-не ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тексеру барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол тағы бір азаматшаны "мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін" деп, бір жарым миллион теңгеге сан соқтырған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінмен іс бойынша процестік шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети