Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты Фото:depositphotos.com

Шымкентте алқабилердің қатысуымен аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыру деректері бойынша іс қаралды. Іс бес айыпталушағы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте алқабилердің қатысуымен аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыру деректері бойынша іс қаралды. Іс бес айыпталушағы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, Шымкент ҰҚКД басшысының бұрынғы орынбасары Манат Сарбасов құқық қорғау органында басшылық қызмет атқара отырып, 2019-2020 жылдары кәсіпкерден жеке мектебіне қамқорлық жасау үшін 70 миллион теңге пара алған. Одан кейін екі пәтер сатып алып, оларды жалға беру арқылы және сатудан пайда тапқан.

"2020 жылы Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз өткізуі нәтижесінде бөлім басшысының м.а. Д.Ч. және жеке кәсіпкер Т.Е. 92 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырған", - делінген сот хабарламасында.

Сарбасов жасалған қылмысты біле тұра, өзіне және басқа тұлғаларға пайда келтіру мақсатында, қызмет бабында әрекетсіздік танытқан, яғни Д.Ч. мен Т.Е.-ның қылмыстық әрекеттерін тоқтатпаған.

"В.Т. Денсалық сақтау басқармасы басшысының орынбасары бола тұра, медициналық бұйымдар мен құрылғыларды сатып алу кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану нәтижесінде, ауыр салдарға алып келген".

С.А. жедел уәкіл бола тұра, заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысып, Д.Ч.-ға медициналық құрылғы сатып алу үшін 7,5 миллион теңге ақша қаражатын беріп, одан 14,4 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда алған.

"Сот барлық сотталушы үшін жас балаларының болуын жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал С.М. және С.А.-ға қатысты қызметтік антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды", - делінген хабарламада.

Сарбасов кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

"Алқабилердің басым бөлігінің берген дауысы нәтижесінде алаяқтық жасау және пара беруге азғыру бойынша С.М. қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмауына байланысты ақталды".

Қалған айыпталушыларға шартты түрде бас бостандығынан айырудан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған қосымша жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети