Шымкентте 15 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте 15 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде анасының көмек сұраған видеосы тарады.
"30 желтоқсаннан бері табылмай жатыр. Бүгін бесінші күн. Өтінемін, менің қызымды табуға көмектесіңіздерші. Бәрі өзімді кінәлайды. Бірақ менің кінәм не, жұмыста болдым ғой. Ол ұлыммен сөзге келіп қалған. Мен үйге келгенде, ол 10 сағат бойы үйде болмапты", - деді әйел.
15 жастағы Анела Сағидуллаева 30 желтоқсан Шұбаркөл көшесі 315 мекенжайындағы үйден телефонсыз, ақшасыз шығып кеткен.
Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыз төртінші рет үйден қашқанын айтқан.
"30 желтоқсанда жергілікті тұрғындар Абай аудандық полиция басқармасына 15 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы өтініш білдірді. Оның туыстарымен жанжалдасып, белгісіз бағытқа кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған қыз үйден осыған дейін де 3 рет кетіп қалған, бірақ полиция оны тауып, ата-анасына қайтарған. Бұл жолы бесінші күн қатарынан учаскелік инспекторлар, Шымкент Полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің қызметкерлері мен еріктілер іздеп жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қыздың бойы 165-170 сантиметр, шашы қара-қоңыр, көздері қоңыр. Ол үстіне қара түсті күртеше мен шалбар, аяғына ашық түсті кроссовка киген.
Көрген-білген адамдар болса, 8 777 679 18 24 немесе 102 нөмеріне хабарласыңыздар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!