Шымкентте 70-тен аса оқушыға мектеп құрал-жабдықтары табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 70-тен аса оқушыға мектеп құрал-жабдықтары табысталды Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

2025–2026 оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Respublica" партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - білім алуына қажетті жағдай жасау және балаларға қолдау көрсету болып табылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025–2026 оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Respublica" партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - білім алуына қажетті жағдай жасау және балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Шымкент қаласының "Достық үйі" ғимаратында өткізілген қайырымдылық іс-шара барысында 70-тен астам мектеп жасындағы балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде сөмкелер, дәптерлер, қаламсаптар, бояу жиынтықтары және басқа да оқу құралдары табыс етілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында балаларға арнайы шақырылған аниматорлар көңілді ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды. Түрлі би мен ойындар ұйымдастырылып, балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйланды.

Аталған іс-шараға "Respublica" партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалының төрайымы Нилуфар Сайдуллаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ партия мүшелері, қоғам белсенділері мен ата-аналар қатысты.

Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева:

"Бала қуанса – әлем қуанады. Бүгінгі шара арқылы балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлау - бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл - болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция. Мұндай қайырымдылық акциялары балалардың мектепке ынталы баруына серпін береді", - деп атап өтті.

Іс-шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, арнайы келген қонақтар жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Бұл бастама қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, мейірімділік пен қолдаудың маңызын тағы бір мәрте айқындап, барлық қатысушылардың ынтымақтастығын нығайтты. Мұндай қайырымдылық іс-шаралары балалардың болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді, әрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлкен қолдау көрсетеді.

Сурет: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары осы әрекеттер арқылы еліміздегі мейірімділік пен өзара көмек дәстүрін нығайтуға атсалысып, қоғамдағы бірлікті, толеранттылықты және қайырымдылықты арттыруға ықпал етуде.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети