Шымкентте 96 жастағы ардагердің жүрегіне ота жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 96 жастағы ардагердің жүрегіне ота жасалды Фото: Otyrar.kz

Шымкенттегі кардиоорталық хирургтері 96 жастағы науқастың жүрегіне күрделі ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Otyrar" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі кардиоорталық хирургтері 96 жастағы науқастың жүрегіне күрделі ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Otyrar" басылымына сілтеме жасап.

Операциядан кейін денсаулығы жақсарған қарияға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов келіп, оны мерекесімен құттықтаған.

Жүрегіне ота жасалған майдангер Атажанов Қадыр - ҰОС ардагері. 1942 жылдың аяғында, 17 жасында өз еркімен майданға аттанған сарбаз Батыс Украинада жаяу әскер құрамында соғысқан. Қадыр Атажанов соғыс аяқталған соң да Украинада әскери қызметін жалғастырған. 1948 жылы елге оралған ардагер көп ұзамай теміржолшы болып жұмысқа орналасып, 40 жыл қызмет істеп, абыроймен зейнеткерлікке шыққан.

Қарияны 7 мамырда жедел жәрдем қызметі қалалық жүрек орталығының қабылдау бөліміне жеткізген. 1925 жылы туған науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде электрокардиостимуляторды имплантациялау операциясын жасаған. Қазіргі уақытта ардагердің жағдайы тұрақты, орталықта емделуді жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети