Шымкентте "әкімнің әйелі" атышулы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Шымкентте "әкімнің әйелі" атышулы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері Facebook желісінде "әкімнің әйелі" деген атпен танылған әйелдің оқиғасын айтып берді. Осыған дейін Желіде жолда тұрған әйелдің суреті жарияланып, онда әйелдің "әкімнің әйелімін" деп, автобус жүргізушісіне және жолаушыларға қоқан-лоққы көрсетті делінген мәлімет тараған болатын.
Ал полицейлердің айтуынша, шын мәнінде әйел қала әкімінің, тіпті аудан әкімдерінің әйелі болмай шықты. Оның күйеуі бизнесмен әрі мемлекеттік қызметке ешқандай қатысы жоқ екен.
Әйелдің өзі балаларымен кетіп бара жатқанда автобус оның алдын кесіп өткенін айтып берді. Автобус аялдамадан жолға шыққанда бұрылатынын білдіретін шамын жақпаған және бірден екінші жолаққа шығып алған. Ал автобус бірінші жолақпен жүруі тиіс болған. Сондықтан әйел соғысып қала жаздағанын айтып отыр. Есеңгіреп қалған ол тоқтап, жүргізушіге барған. Осы кезде, әйелдің айтуынша, жүргізушінің жанында тұрған адамдар "сен кім едің, әкімің әйелі ме едің?" деп ұрыса бастаған. Оған әйел ашуланып, "Иә, әкімнің әйелімін!" деп жауап берген.
Полицейлердің айтуынша, жүргізуші әйел апат жағдайын туғызған автобус жүргізушісін және шындыққа жанаспайтын мәліметті таратқан блогерді жазалау үшін ІІД-ге арыз жазған.