© www.instagram.com/gabidullaabdrakhimov/?hl=ru
Шымкентте сайлау күні үйлену тойын жасап жатқан жас жұбайлар дауыс беруге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте сайлау күні үйлену тойын жасап жатқан жас жұбайлар дауыс беруге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында сайлау учаскесіне келген жас жұбайлар мен беті ашылмаған келіннің суреттерін жариялады.
"Бұл Шымкент! Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек" - деп жазды әкім.
Айта кетейік, бүгін 9-маусым, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramБұл Шымкент!????Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек:)