Шымкентте әлеуметтік-мәдени даму бағытындағы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әлеуметтік-мәдени даму бағытындағы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

2025 жылғы желтоқсанда Шымкентте тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени, спорттық және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Қалада жаңа жыл мерекесіне орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдау тетіктері мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы толығырақ қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баяндап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы желтоқсанда Шымкентте тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени, спорттық және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Қалада жаңа жыл мерекесіне орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдау тетіктері мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы толығырақ қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баяндап берді.

Жаңажылдық мәдени-көпшілік іс-шаралар

Сәрсен Құранбектің сөзінше, желтоқсан айының басты мәдени оқиғаларының бірі – қаланың Бас шыршасын жағу салтанаты 21 желтоқсанда Астана алаңында өтеді. Сағат 19:00-де басталатын мерекелік кеш барысында жергілікті және елімізге танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Аталған іс-шараны өткізуге 9,1 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Ал 31 желтоқсан күні Астана алаңында жаңа жылға арналған гала-концерт пен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Театрландырылған музыкалық қойылымдар, цирк өнері шеберлерінің өнер көрсетуі, танымал әншілердің жанды дауыстағы концерті және Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауынан кейінгі отшашу мерекелік кештің шарықтау шегі болмақ. Бұл іс-шараға 32,4 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Балаларға арналған жаңажылдық мерекелер

Балаларға арналған мерекелік іс-шараларға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан Республикасы Президенті атынан 22–24 желтоқсан күндері Астана қаласында өтетін республикалық "Жаңа жыл Республика төрінде" шырша мерекесіне Шымкент қаласынан өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар арасынан 5 оқушы қатысады.

"Сонымен қатар, 25 желтоқсан күні қаладағы "Көрме орталығында" 300 балаға арналған "Ғажайыпқа толы жаңа жыл!" атты өңірлік шырша мерекесі ұйымдастырылады. Аталған шараға оқу озаттары, түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысады", - дейді қала әкімінің орынбасары.

Оның сөзінше, әрбір балаға Қазақстан Республикасы Президенті атынан құны 120 мың теңгеден кем емес жаңажылдық сыйлық табысталады.

Қаланы абаттандыру және инфрақұрылым

Қала аумағында мерекелік безендіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандарында жаңа жылдық шыршалар орнатылып, орталық алаңдар, саябақтар, аллеялар мен көшелер жарық диодты шамдармен және кіші архитектуралық пішіндермен безендіріліп жатыр. Бұл жұмыстарға ондаған миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, мердігер мекемелер арқылы кезең-кезеңімен іске асырылып жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, Арбат аллеясында жеке инвестордың қаражаты есебінен жалпы аумағы 1830 шаршы метрді құрайтын ашық мұз айдынын орнату жоспарланған. Мұз айдынының ашылуы 20 желтоқсанға белгіленіп, ай сайын 50–60 мың тұрғынды қабылдайды деп күтіледі.

Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту

Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бері Шымкент қаласында 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 6 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар, кәсіпкерлікке оқыту және мемлекеттік гранттар беру тетіктері арқылы жастардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсетіліп жатыр.

Нәтижесінде, 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қаладағы 15–34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайыз болды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылым

Денсаулық сақтау саласында да маңызды жетістіктер бар. Қалалық перзентханада сирек кездесетін туа біткен ақаумен дүниеге келген нәрестеге дер кезінде күрделі ота жасалып, сәби дәрігерлердің тұрақты бақылауымен сауығу кезеңінен өтіп жатыр.

Сонымен қатар, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1971 жылы салынған ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи медициналық талаптарға сай жаңартылды. Жалпы құны 2,9 миллиард теңгені құрайтын жоба аясында инженерлік желілер толық ауыстырылып, аурухана 530 төсек-орынмен қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге дайын.

"Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту аясында Көксай ауданын қайта жаңғырту тұжырымдамасы шеңберінде тағы 20 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды. Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында 103 отбасы жайлы баспанамен қамтылып, көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Сонымен қатар, "Ізетті зейнеткер" сауықтыру кешені арқылы 2025 жылы 7 282 зейнеткер шипажайлық ем қабылдады", - деді әкімнің орынбасары.

Спорт саласындағы жетістіктер

Спорт саласында да Шымкент қаласының жетістіктері назар аудартады. Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының бокс федерациясы Кубогінде Шымкент қаласының құрамасы командалық есепте жеңіске жетіп, ерлер мен әйелдер арасында бірнеше салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қорытынды

Жалпы алғанда, қала әкімдігі Шымкентте 2025 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылып жатқан мәдени-көпшілік іс-шаралар, әлеуметтік қолдау шаралары, инфрақұрылымды жаңарту жобалары мен спорттық жетістіктер қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, қоғамдық бірлік пен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын баса айтты.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети