Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

25 қарашада өткен ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан қатысты.

​Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан көптен күткен бұл оқиғамен ұжымды құттықтай отырып, прокуратура қызметкерлеріне жасалған жағдайлар азаматтардың игілігіне аянбай еңбек ету үшін арналған мемлекет пен қоғамның сенімінің несиесі екенін атап өтті. Әрбір қызметкер еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, міндеттерді адал және мұқият орындау қажеттілігін анық түсінуі кажет.

Шымкент қаласында 5-ші ауданның құрылуына байланысты күрделі жөндеуден өткізілген ғимарат прокуратураның есебіне берілді.

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы ғимаратында 47 қызметтік бөлме, мәжіліс залы және жауап алу бөлмелері және т.б. қарастырылған.

Ғимараттың материалдық-техникалық жабдықтары халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи талаптар мен стандарттарға толығымен сәйкес келеді.

Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов аудандық прокуратура қызметкерлерін құттықтап, ғимаратта азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Tengrinews
Шымкент қаласының ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети