Шымкентте ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының экс-басшысы қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының экс-басшысы қамауға алынды Фото:depositphotos.com

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену дерегі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

"Бұл мақсатта ол өзімен байланысты "Green Mart Kazakhstan" ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген. Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған. Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор тарапынан мақұлданған", - делінген хабарламада.

Байқау рәсімдерін өткізбестен, жеткізуші ретінде бір ғана қатысушы - "Green Mart Kazakhstan" ЖШС таңдалған. Қаражат түскен соң, оның бір бөлігі кәсіпорындардың есепшоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сонымен қатар жабдықтар қымбат бағамен жеткізілген, ал жұмыстар орындалмаған.

"Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 миллион теңгеден асты. АҚ-нық бұрынғы төрағасы 2 ай мерзімге қамауға алынды".

Айта кетейік, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұған қоса, осы іс бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры М.К. Искаков пен "Green Mart Kazakhstan" ЖШС басшысы Р.Б. Сазынбек 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 4 автокөлігі тәркіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети