Шымкентте әйел бұрынғы күйеуі сатып жіберген көліктің жартысын өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әйел бұрынғы күйеуі сатып жіберген көліктің жартысын өндіріп алды Фото:depositphotos.com

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің келісімінсіз көлігін сатқан. Бұл көлік отбасылық өмір барысында ортақ мүлік ретінде алынған. Әйел сотқа арызбен жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің келісімінсіз көлігін сатқан. Бұл көлік отбасылық өмір барысында ортақ мүлік ретінде алынған. Әйел сотқа арызбен жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің сотқа түсіндіргеніне қарағанда, ол жауапкермен 2015 жылдан бері некеде болған, алайда 2023 жылы олардың қарым-қатынасы ресми түрде тоқтатылған. Бірге тұрған кезеңде олар Audi 100 C4 автокөлігін сатып алған. Алайда кейіннен ер адамның бұл көлікті бұрынғы әйелінің келісімінсіз сатып жібергені анықталған. Нәтижесінде, әйел өз үлесі үшін өтемақы талап еткен.

Сот процесі барысында тараптар татуласып, келісімге келген. Бұрынғы күйеуі әйелге көліктің жарты құны ретінде 1 200 000 теңге төлеуге келісім берді. Сонымен қатар, ол табысынан ай сайын 10 000 теңгеден аударып тұруға міндеттенді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети