Шымкентте бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметінен босатылды Рахманбек Мулкеманов. Фото:gov.kz

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға биылғы 12 сәуірде Қаратау ауданының Тұран шағынауданында болған. №10 көшеде бала су жиналып қалған шұңқырға құлап кетіп, көз жұмған.

Қайғылы жағдайға байланысты Шымкент әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым саласына жетекшілік ететін орынбасарына сөгіс жарияланды. Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді. Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов қызметінен босатылды.

"Мүлкемановтың қызметтен босатылуына бұған дейін анықталған жұмысындағы олқылықтар мен осы қайғылы оқиға негіз болды. Бұл жағдай кадрлық шешім қабылдауға соңғы себеп болды", – делінген Шымкент әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар Шымкент әкімдігі мәліметінше, абаттандыру және күтіп-ұстауға жауапты мердігер ұйымдардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жолданады.

Әкімдік әрбір кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

"Кінә мен жаза көлемін сот анықтайды", – деді Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети