Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 миллион теңге жымқырған Фото:depositphotos.com

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 миллион теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану деректері анықталды.

Атап айтқанда, "Т" және "Б" жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

Прокуратура бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети