Шымкентте банк бөлімшесінің бұрынғы басшысы депозиттен 445 мың доллар ұрлады деген айыппен сотталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте банк бөлімшесінің бұрынғы басшысы депозиттен 445 мың доллар ұрлады деген айыппен сотталды

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы "ЦеснаБанк" филиалының бұрынғы басшысы және азаматтық тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Нұржан Көлбаев ҚР ҚК 189-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды. Сонымен қатар екеуіне де банк және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.

Басылым мәліметінше, Нұржан Көлбаев 2017 жылы депозиттерден қаржы шешіп алып, жасырынып қалған. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін банкир қолға түсіп, Әсел Садықовамен бірге сот алдында жауап берді. 

2022 жылдың 5 шілдесінде прокурорды тыңдап, барлық материалды зерттеген соң, сот екеуін де ақтаған. Апелляциялық арыз беріліп, нәтижесінде мән-жайы зерделенген соң 26 қыркүйекте Көлбаев пен Садықова сотталды. Үкім заңды күшіне енді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети