10 ақпан 2019 | 10:32

Шымкентте бауыр мен бүйректі тұңғыш ауыстырған дәрігердің жаназасы шығарылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 ақпанда Шымкентте 63 жасында қайтыс болған қаланың танымал хирургы Мәди Биғалиевтің жаназасы шығарылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

9 ақпанда Шымкентте 63 жасында қайтыс болған қаланың танымал хирургы Мәди Биғалиевтің жаназасы шығарылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.

Жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды, олардың арасында достары, әріптестері мен өмірін құтқалғаны үшін алғысын айтып келгендер бар. Сонымен қатар, дәрігермен қоштасуға журналист, саясаткерлер және еліміздің әр аймағынан тұрғындар келді.

Туған-туыстары көз жасын тыйа алмай, үйде тәулік бойы жедел жәрдем көлігі кезекшілік етті. Дәрігердің денесі дұға оқып болғаннан кейін шығарылды.


© Шуддин Саидов

Хирург бүйрегін ауыстырып берген пациенттердің бірі кезінде өлім аузында жатқанын еске алды.

"Дәрігерлер бүйрек зақымданған деді, мен тіпті дәретханаға бара алмайтынмын. Өмірмен қоштасу керек деп ойладық. Мәди Ходжаевич бүйрегімді ауыстырып берді, мен оның бірінші емделушісі болдым. Ол палатаға кіріп, ота жасауды ұсынғанда, ойланбадастан келісім бердім. Мен оған сендім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір денім сау, екі жұмыста істеймін, бес балам бар. Ал шебер кетті, бұл біз үшін соққы болды. Жаны жәннатта болсын", - деді Бауыржан Абдулла.


© Шуддин Саидов

Мәди Биғалиев - профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкент және Түркістан облысындағы трансплантологияның негізін қалаушы. 37 жыл ішінде 10 мыңнан аса күрделі ота жасаған. 2013 жылы Шымкент қаласында бірінші болып бүйрек және бауыр ауыстыруды бастаған. Халық Биғалиевтің "қолы алтын" және "Құдай берген хирург" деп атаған екен.


Мади Бигалиев. © otyrar.kz

КТК телеарнасының мәліметінше, қайтыс болған хирургтің ісін полиция тексеріп жатыр. Ұзақ жылдар қалалық жедел-жәрдем ауруханасын басқарып келген Мәди Бигалиевтің денесі өз үйінде түс ауа табылған.

Мәди Қожаұлының өз-өзіне неліктен қол салғаны беймәлім. Ол соңғы уақытта денсаулығына байланысты демалыста болған екен. Қазір, оның өліміне қатысты полиция іс қозғады.

"Шымкент қаласындағы 60-65 жастағы тұрғынның мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚК-нің 105 бабы "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети