Шымкентте бес вагонды сүйреген алып күш иесі рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бес вагонды сүйреген алып күш иесі рекорд орнатты видео кадры

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан жылжытып, сүйреді. Досалиев 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан жылжытып, сүйреді. Досалиев 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны көрермендер мен Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бақылады. Нәтиже ресми түрде тіркелгеннен кейін, Артық Досалиев бұл жетістікке ұзақ дайындалғанын және психологиялық тұрғыда да көп еңбектенгенін мойындады.

Артық Досалиев пауэрлифтингтен спорт шебері, бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы, Азияның сегіз дүркін жеңімпазы. Өзінің бұл жетістігін спортшы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнады.

"Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатып, батыр ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсетуді жөн санадым. Бүгінгі рекордымды соларға арнаймын. Келесі жылы, Жеңіс күніне орай, 6, 7, 10, тіпті 20 вагон тартуға ниеттімін", – деді Артық Досалиев.

"Рекордтың "таза" болуы үшін алдын ала жолды тексердік. Ол қатаң түрде горизонталь болуын қамтамасыз еттік. Кейін Артық Досалиев сүйреген қашықтықты өлшедік. Мұнда болған барлық адам – куәгер. Қазақстанда бұған дейін мұндай рекорд тіркелген емес", – деп мәлімдеді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бахытжан Тастүлеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети