Шымкентте "Дарын" орталығының 12 оқушысы ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "Дарын" орталығының 12 оқушысы ауруханаға жатқызылды Тұрар Қазанғапов

Шымкентте өткен олимпиададан кейін "Дарын" орталығының 12 оқушысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте өткен олимпиададан кейін "Дарын" орталығының 12 оқушысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 21 наурызда "Дарын" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының олимпиадасына қатысқан 904 баланың 12-сінде дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылуына байланысты белгілері пайда болған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің тексеруінен кейін балаларды Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

"Қазір балалардың жағдайы тұрақтанды. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың себептерін анықтайды. Балалар медицина қызметкерлерінің, оның ішінде министрліктің бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті осы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс тобы әр сұрақты мұқият зерттейді. Жағдай білім министрінің жеке бақылауында", - делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша вице-министр Шолпан Каринова, орта білім комитеті төрағасының орынбасары және балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети