Дауылды желдің салдарынан тұрақтағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Дауылды желдің салдарынан тұрақтағы оқу-жаттығу ұшақтарына зақым келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
2017 жылдың 27 желтоқсаны күні Шымкент қаласының әуежайындағы арнайы тұрақта тұрған "Training center Part FCL" ЖШС-іне тиесілі тіркеу номерлері UP-CS018 және UP-CS019 Cessna-172 ұшақтарында оқыс оқиға болды. Ұшақтардың бағыттау құралы мен қанаттарына зақым келген. Жіберілген радиохабарламаға сәйкес, тұрақтағы ұшақтардың соқтығысуына қатты дауылды жел мен олардың бір-біріне өте жақын орналасуы себеп болған.
Айта кетейік, 2017 жылы 25 желтоқсанда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті аталған ұшақтардың Шымкент-Алматы бағыты бойынша ұшуы үшін "Training center Part FCL" ЖШС-іне бір реттік рұқсат берген.
"Training center Part FCL" ЖШС-і оқу-жаттығу орталығы акцияларының 9 пайызы "Азаматтық авиация академиясы" АҚ қарасты. Мұның алдында "Training center Part FCL" ЖШС-і ұшақтарымен әуе оқиғаларының орын алуына байланысты әуе компаниясы ұшақтарының ұшуына шектеу қойылған болатын.