04 шілде 2021 | 13:38

Шымкентте домбыра күніне орай ғимараттар ұлы күйшілердің портреттерімен безендірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта өтті. Десе де, екі ерекше оқиға мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта өтті. Десе де, екі ерекше оқиға мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шаһардағы "Түркістан" сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимараттарына поп-арт стиліндегі ұлы күйшілердің үлкен портреттері ілінді. Осылайша, билік аңызға айналған Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, Кенен Әзірбаев, Біржан сал, Қазанғап, Жаяу Мұса сынды қазақтың домбырада ойнау шеберлерінің рөлін креативті түрде көрсетті. Олардың суреттері қаладағы билбордтарға да ілініп, кеңінен насихатталды.

Ал ShymQala этноауылында домбыра жасау бойынша онлайн-мастер-класс өтті. Қолөнершілер ұлттық аспаптың қандай материалдардан және қалай жасалатынын, оның бірегейлігі мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Бұл күні қала кітапханаларында кітап көрмелері мен әдеби кештер ұйымдастырылды. Ал Арбатта косплеер-әртістер костюмдер мен атрибуттардың көмегімен танымал күйшілердің бейнесін сомдады.

Домбыра жүздеген жылдар бойы қазақтардың қуанышы мен қайғысының да куәгері болды. Биыл Қазақстанда домбыра күні төртінші рет атап өтілуде. Бұл ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған өте маңызды мереке. Әсіресе жастар үшін өте маңызды.

Еске салайық, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы қаулы шығарған болатын. 2014 жылы ЮНЕСКО дәстүрлі домбыра күйін орындау өнерін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы деп таныды. Домбыра күйі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген алғашқы Қазақстандық мұра болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети