16 шілде 2019 | 18:04

Шымкентте ең көп ұрланатын автокөліктердің маркасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Лайфхак © Лайфхак

Шымкент пен Түркістан авто және көлік бөлшектерінің ұрлығы бойынша түзілген тізімде елдегі үштікте. Қазақстанда ай сайын 62 көлік ұрланатын болса, соның бес-алтауы үшінші мегаполисте тіркеледі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ және бейтарап сервистер мен зерттеулер де растап отыр, - деп хабарлайды "Отырар"


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент пен Түркістан авто және көлік бөлшектерінің ұрлығы бойынша түзілген тізімде елдегі үштікте. Қазақстанда ай сайын 62 көлік ұрланатын болса, соның бес-алтауы үшінші мегаполисте тіркеледі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ және бейтарап сервистер мен зерттеулер де растап отыр, - деп хабарлайды "Отырар"

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының ұсынған мәліметіне сүйенсек, Шымкентте автокөлік құралдары мен көлік ұрлығы көбіне Әл-Фараби ауданында тіркеледі. Қылмыс түнгі уақытта болатыны айтылады. Барымташылар ондағы көпқабатты үйлердің алдына тұрақтаған көліктерді ешбір кедергісіз, тіпті үй алдына орнатылған бейнекамераны пысқырмай-ақ айдап әкетеді екен.

"Шымкентте көбіне Mazda және Opel маркалы автокөліктер ұрланады. Себебі, бұл көліктердің есігі мен терезесін ашу оңайлау. Ал көлік бөлшектеріне келетін болсақ, мотор жүйесін үнемі үптеп кетеді. Ұрлыққа барушылардың дені - жастар", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД тергеу басқармасының анықтаушысы Ғалымжан Сайып.

Айта кетейік, Шымкентте кісінің көлігін айдап әкету бойынша 2017 жылы 123 іс болған. Оның 68-і ашылған. Автокөліктер табылып, иелеріне қайтарылған. 2018 жылы 99 жайт тіркеліп, оның 57-сі ашылған. Ал 2019 жылдың 5 айында 48 жайт тіркеліп, 28 қылмыс ашылған. Мұндай қылмыстардың үлесі - 58,6 пайыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети