Шымкентте ер адам жұрттың көзінше әйелін соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте ер адам жұрттың көзінше әйелін соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкенттің Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 27 мамырда болған.
"Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында ер адам әйел адамды ұрып жатқан видео тарады. 27 мамырда әл-Фараби аудандық полиция бөліміне ер адам әйел адамды ұрып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар келді. Тексеру барысында полицейлер ер адам әйелін отбасылық жанжалдан кейін ұрғанын анықтады. Әйел адам шағым түсіруден бас тартты. Учаскелік полицейлер ер адаммен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл әрекет қайталанған жағдайда ер адам әкімшілік қамауға алынуы мүмкін", - Шымкент ПД өкілдері.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!