Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды Midjourney

Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте есірткі дүкені мен зертхананың ұйымдастырушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент ПД қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген есірткі дүкені мен есірткі зертханасының ұйымдастырушысы Б. есімді азаматты ұстады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қалада есірткі зертханасын құрғанын, сондай-ақ Telegram әлеуметтік желісіндегі DDD_Shym интернет-дүкені арқылы тыйым салынған заттарды сатқанын анықтады", - делінген хабарламада.

Күдікті УҰИ-ға қамалып, ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігімен ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуді қылмыстық топ жасаған") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети