Шымкентте "ESTATE Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталған сәт видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "ESTATE Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталған сәт видеоға түсірілді Видеодан алынған кадр

Шымкентте "ESTATE Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "ESTATE Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алданған қазақстандықтардың ұжымдық арыздарынан соң Шымкент қаласының полиция департаменті "ESTATE Ломбард" ЖШС пен "Гарант 24"  ЖШС компанияларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

"ESTATE Ломбард" ЖШС директоры уақытша тергеу изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта "Гарант 24" ЖШС филиалының директорын ұстау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр", - деді полицейлер.

Еске салайық, қазіргі уақытта елімізде "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ломбардтарының қызметі тоқтатылып, оның басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстандықтар бұл компаниялардан өз ақшаcын қайтаруды талап етіп отыр. Ал полиция бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Танымал қазақстандықтардың ломбардтарды жарнамалауы жағдайды ушықтырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети