04 маусым 2019 | 09:31

Шымкентте грант бөлудің соңы жанжалға ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шымкентте мүгедек балалар арнайы орта білім алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте мүгедек балалар арнайы орта білім алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ата-аналардың айтуынша, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар құлағы нашар еститін балаларға арналған интернат түлектері атынан арыз жазып, мүгедектерге арналмаған кәдімгі колледжге грант бөліп жіберген. Осыған наразы арнайы мектеп-интернаттың түлектері мен ата-аналар жиналып, білім грантын инклюзив кабинеттері бар колледжге бөлуін талап етіп отыр.

"Мамандар жоқ. 5 колледжге балалар барады деп жазған себебіміз 5 колледжде сурдолог, логопед дефектолог бар", - дейді тұрғындардың бірі Жанар Сманова.

Телеарнаның мәліметінше, ата-аналар өздерінің атынан арыз жазылып, гранттың басқа жаққа бөлінгенін біле сала Түркістан облыстық білім басқармасына барған. Алайда педагог-шенеуніктер "грант ұнамаса, балаларыңды ақылы түрде оқытыңдар" деп шығарып салды дейді. Ал бөлім басшысы Рахия Асанова тігіншілікке 21 грант бөлінгенін айтады.

"Базасы өте жақсы. 5-ші колледжден ешқандай кемдігі жоқ. Жұмыс жүріп жатыр. Түркістанға келмейміз шіріп кеткен дейді. Әкімнен бастап осы жерде тұрып жатырмыз", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Рахия Асанова.

Білім басқармасындағылар енді бөлініп қойған грантты қайта жасақтау керек екенін айтады. Телеарнаның мәліметінше, әкімдік алдына жиналғандарды "балалар қыркүйекте қалаған оқу ордасына барады" деп сендірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети