Шымкентте гүлдер неге қыста отырғызылғаны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте гүлдер неге қыста отырғызылғаны айтылды Фото: видео кадры/КТК

Шымкентте жақында егілген гүлдерді қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жақында егілген гүлдерді қар басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мамандар ойынша, Шымкентте қыста отырғызылған раушан гүлдері мен хризантемалар көктемге дейін өспейді.

"Мен биолог ретінде, бұған қайғырып тұрмын. Өсімдікке өте өкінішті. Оны аздап қазып, тамырын мұқият алғым келді. Бірақ жасай алмадым, өйткені мұз қатып қалған, тамыры жерде қалды", - деді биология ғылымдарының кандидаты Роза Жұмабаева.

Мамандардың айтуынша, мұндай жылуды ұнататын гүлдерді қыс мезгілінде отырғызу қауіпті кәсіп, сондықтан коммуналдық қызметтер көктемді күтуі керек еді. Раушан мен хризантеманы құтқаруға әлі де мүмкіндік бар. Егер оларды жауып қойса, онда бір бөлігі өніп кетуі мүмкін. Бірақ ықтималдығы төмен. Айта кететін жайт, Шымкентте бұған дейін ондаған гүлзарға гүл отырғызылған. Бір ғана Қаратау ауданында бұған 17 миллион теңге жұмсалған.

Бұл ретте әкімдік бұдан еш кемшілік көріп отырған жоқ. Олар гүлзарларға мердігер жауапты екенін атап өтті. Көктемде гүлдер өнбей қалса, олар бәрін қайтадан отырғызады, бірақ өз есебінен.

"Оңтүстік өңір болғандықтан күн жылы, қатты суытпайды. Сондықтан күзде, тіпті қарашада да отырғызады. Қазір гүлдер қурап қалған болып көрінгенімен, бұл көпжылдық өсімдіктер. Мердігер тарапынан жұмысқа кепілдік бар. Сондықтан қанша гүл өлсе, көктемде сонша гүл толықтырылады", - деді Қаратау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Есімхан Жүзбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети