26 шілде 2018 | 14:43

Шымкентте жағдайы төмен отбасынан шыққан бүлдіршіндерге саяхат ұйымдастырылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбар Камаловтың жеке мұрағатынан алынған сурет Айбар Камаловтың жеке мұрағатынан алынған сурет

24 шілдеде Сарыағаш ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастырумен және кәсіпкерлердің қолдауымен Сарыағаш және Келес өңірінің аз қамтылған отбасының балаларына Шымкент қаласына бір күндік саяхат ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

24 шілдеде Сарыағаш ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастырумен және кәсіпкерлердің қолдауымен Сарыағаш және Келес өңірінің аз қамтылған отбасының балаларына Шымкент қаласына бір күндік саяхат ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 20 бала қатысқан.

"Бар жылу балаға" республикалық деңгейдегі акция аясында біз Сарыағаш және Келес өңіріндегі көпбалалы, аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасының балаларын Шымкент қаласында кыдырттық. Шараның мақсаты - аудан балаларын бір күн болса да қуанышқа бөлеу, күлкі сыйлау және қаланың қызықтарын көрсету. Төре адам төрелігін танытады, төрде отырып, төрелік танытқандарға алғысым шексіз", - деді Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы Айбар Камалов. 

Камаловтың сөзіне қарағанда, іс-шара өте жоғары деңгейде өткен.

"Шараға түрлі отбасынан 20 бала қатысты. Алдымен барлығымыз Сарыағаш ауданынан шығып, Шымкент қаласына жол тарттық. Ең алдымен балаларды хайуанаттар бағында қыдыртып, оларды орталықтағы шайханалардың бірінде, бас мәзірдегі шах палаумен тамақтандырдық. Кейін ойын-сауық орталығында ойнатып, Бәйдібек би ескерткішінің алдында шар ұшырдық. Балаларға Шымкент қаласындағы бір күндік саяхат қатты ұнады", - деді ол.

Айбар Камаловтың айтуынша, бұл республика көлемінде өткен алғашқы шара, себебі баланы қаланың әр жерінде қыдырту әркімнің қолынан келе бермейді және демеушілердің де саны аз. Ол болашақта басқа да жоспарлары бар екенін айтты.

"Қайырымдылық шараларын бұрындары да ұйымдастырғанмын. 25 шілдеде Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекенінде болған өрттің салдарынан зардап шеккен үйлерге Сарыағаш ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлерімен бірге олардың қал жағдайын сұрауға бардық. Төрт отбасыға азық-түлік апарып, көмектестік. Алда жоспар көп", - деді ол.

Камалов алдағы уақытта балаларды Түркістан қаласына, Ақсу жабағылы, Қазығұртқа апаруды жоспарлап отыр.

"Бағдарламаға сәйкес, Отырар кітапханасын, Қожа Ахмет Яссауи және басқа да кесене мен жерлерді көрсеткім келеді. Балалар мектепке баратын кез, қыркүйек айы келе жатыр. Осыған байланысты, көмекке мұқтаж отбасының балаларына қалам, дәптер, кішігірім күнделікті сабақта қолданатын құрал-жабдықтарды алу жоспарланды. Демеушілер көп деп айта алмаймын, көбі ісін жаңадан бастаған жандар. Қыдыртқан жердің барлығына шығын ұйымдастырушы, инспектор, куратор мен демеушілердің қалтасынан кетті", - деді жастар ісі жөніндегі инспектор Айбар Камалов.


© Facebook/Сарыағаш Жастар ресурстық орталығы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети