10 тамыз 2019 | 17:08

Шымкентте жаңа бағдаршамдар іске қосылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Otyrar.kz Otyrar.kz

Шымкент қаласындағы Рысқұлбеков - Иляев және Тәуке хан - Сайрам көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында "Қызыл плюсті" қосымша реттеуші бағдаршам орнатылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласындағы Рысқұлбеков - Иляев және Тәуке хан - Сайрам көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында "Қызыл плюсті" қосымша реттеуші бағдаршам орнатылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.

Егер аталған бағдаршамдарда "қызыл плюс" жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. "Қызыл плюс" жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің жүруін күтуі тиіс екендігі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 667 қаулысымен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесіне толықтырулар енгізілді, яғни 5-ші "Сигналдық бағдаршам" бөліміне 5.9-1 тармағы "қызыл "+"-бейнелі бағдаршам" қосылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети