Шымкентте жаппай төбелес болды: желіде видео тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жаппай төбелес болды: желіде видео тарады видео кадры

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі жаппай төбелестің видеосы тарады. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі жаппай төбелестің видеосы тарады. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Видеода ондаған ер адам көрінеді. Олардың арасында жанжал туындап, ол жұдырықтасуға ұласқан.

Төбелес 16 тамызда болғаны белгілі болды, алайда ол туралы тек қазір мәлім болды.

Полиция не дейді?

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети