Шымкентте жартылай жалаңаш шенеуніктердің төбелесінен кейін тексеріс басталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жартылай жалаңаш шенеуніктердің төбелесінен кейін тексеріс басталды Видеодан алынған кадр

Қазнетте шымкенттік шенеуніктер төбелесі делінген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте шымкенттік шенеуніктер төбелесі делінген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Төбелеске қатысушылардың бірі - Шымкенттің бас экологы Оразғали Егембердиев-мыс. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, екінші ер адам - оның қоластындағы қызметкері. 

Желіге ақпаратты журналист Михаил Козачков жариялады. Оның айтуынша, оқиға түнде жеке үйдің ауласында болған. Төбелес сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған. Видеоға қарағанда, жанжалға дейін ер адамдар алкоголь ішкен.

Экология министрлігі оқиға бойынша қызметтік тексеріс бастады. Ведомство өкілдері тексеріс аяқталғанша түсінік беруден бас тартып отыр. 

Бұл кадрларды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де тексермек. "Департаментімізге осы мәселе бойынша ақпарат түсті. Қазір деректер жинап жатырмыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз", - деді Шымкент мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Қазыбек Ерболат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети