Шымкентте жас жұбайлар карантинге қарамастан фотосессия ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкентте жас жұбайлар карантинге қарамастан фотосессия ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде жұбайлардың саябақта серуендеп жүргені түсірілген видео тарап жатыр.
Шымкенттік полицейлер видеодағы жастарды тауып, оларды бөлімшеге жеткізіп, осы әрекетін түсіндіруін сұраған. Жас жұбайлардың айтуынша, олар үйлену тойы алдында фотосет ұйымдастырып, видеоролик түсірмек болған. Тойды карантин аяқталған соң ғана өткіземіз депті.
Осылайша карантин ережесін бұзып, маскасыз жүрген жастарға түсініктеме жазуға тура келген.
Полицейлердің мәліметінше, әкімшілік материалдардың барлығы шешім қабылдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!