Бүгін Қазақстанның үшінші мегаполисінде "Жас отау" тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Ондағы 7 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр.

Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалада құрылыс саласының қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Жаңа жыл қарсаңында алған қоныстарының іші шаттық пен қуанышқа, береке мен бірлікке толсын деген тілегінде жеткізді әкім.
Мәселен, осы жылы қалада 819 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 9791 пәтердің құрылысы жүргізілсе, жыл соңына дейін 40 көп қабатты үй, яғни 188 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал жалпы қала аумағында қазіргі таңда 184 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттен 68 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 13-і жыл соңына дейін тапсырылады.
Жаңа үйлерді мемлекеттік тұрғын құрылысы бағдарламасы аясында "Отау строй" ЖШС-гі өз қаражаты есебінен салған. Жалпы аталған тұрғын үй кешенінде жеті қабатты 56 пəтерлі 14 тұрғын үй бой көтерген. Қ.Төлеметов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің 1-шаршы метрі нарықтағыдан төмен. Мұнда 1,2,3 бөлмелі пәтерлер бар.
Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындары ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк арқылы ипотекалық несие ала алады.