Шымкентте жасөспірімдер автобус жүргізушісін соққыға жыққан

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте жасөспірімдер автобус жүргізушісін соққыға жыққан Фото:depositphotos.com

Шымкентте полиция автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте полиция автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиғаны Полиция департаменті растады.

"Оқиға 12 маусымда Шымкентте болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп хабарлады полиция.

Жарнама
Жарнама

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Не болған?

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жүргізуші жасөспірімнен жолақысын төлеуді талап еткен, алайда ол агрессия танытып, автобустан шығуды сұраған. Аялдамада оған үш жасөспірім шабуыл жасап, балғамен басынан ұрып, кейін соққыға жыққан. Салдарынан зардап шеккен жүргізуші жансақтау бөліміне түскен, қазір ол жалпы палатаға ауыстырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама