Шымкентте полиция автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жасөспірімдерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиғаны Полиция департаменті растады.
"Оқиға 12 маусымда Шымкентте болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп хабарлады полиция.
Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Не болған?
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жүргізуші жасөспірімнен жолақысын төлеуді талап еткен, алайда ол агрессия танытып, автобустан шығуды сұраған. Аялдамада оған үш жасөспірім шабуыл жасап, балғамен басынан ұрып, кейін соққыға жыққан. Салдарынан зардап шеккен жүргізуші жансақтау бөліміне түскен, қазір ол жалпы палатаға ауыстырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!