Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шымкентте Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 30 желтоқсанда Абай АПБ-ға жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Анасының айтуынша, қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен. Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған.

"Шымкент қаласы ПД-ның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалынан тапты. Анель бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан", - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғуы себеп болған. Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бас тартқан.

"Қазіргі таңда әкімдік, Білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды.

Бұл уақыт аралығында қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети