Шымкентте жүргізушілер жол үстінде төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүргізушілер жол үстінде төбелес шығарды Фото: polisia.kz

Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бастығы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жол үстінде төбелескен жүргізушілерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ПД бастығы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі көшелердің бірінде автокөлік жүргізушілері арасында туындаған жанжалдың бейнежазбасы тарады. Бұл оқиға туралы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді.

Алмасбековтың айтуынша, жанжал салдарынан жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Алмасбеков азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін Заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полицей ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті және қала тұрғындарын Заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети