24 қараша 2015 17:47

Шымкентте жыл басынан бері 15 мың адам жұмыспен қамтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі © Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Шымкентте "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында жыл басынан бері 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жұмысқа тартылған 14 997 адамның 593-і әлеуметтік салаға, 1796-сы қоғамдық жұмыс орындарына, 148 азамат қайта даярлау курсына оқытуға жолданды. Шымкент қаласы бойынша 479 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 429-ы жұмыспен қамтылды. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жиі өткізіледі. Бүгін ұйымдастырылған осындай жәрмеңкелердің біріне 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олар 2015 бос жұмыс орнын ұсынды. "400 адам әлеуметтік, 533 жас түлек жастар практикасына, 148 азаматты қайта даярлау курсына оқуға, 1520 азамат қоғамдық жұмыс орындарына тартылып отыр. Өңірдегі 9092 бос жұмыс орнына 1338 жұмыссызды мемлекеттік және аймақтық бағдарлама аясында жұмысқа алу жоспарланды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети