Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев қала бойынша карантинді 3-17 тамыз аралығына дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындарына кез келген ауқымды іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынады. Үйден шыққан кезде тұрғындар үш адамға дейін серуендеу кезінде маска тағу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты міндетті талаптарды сақтауы қажет.
Жұмысқа бару және қайту, есік алдында және саябақта, скверлер мен жағалауда үш адамнан артық жиналуға болмайды.
65 жастан асқандар үшін қалада және қоғамдық орындарда жүріп-тұру аталған кезеңде шектеледі.
Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, ал азық-түлік емес базарлар 06:00-ден 13:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
Дүкендер мен супермаркеттер жұмыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал демалыста 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!